Құрметті ата – аналар!
«Аманат» жеке балабақшасы 2022 жылдың мамыр айында ашылды. Балабақша 41 орынға жабдықталған.
Мектеп жасына дейінгі кезең өте сақтықты, қателеспеуді, сауатты тәрбиелеуді қажет ететін және бала эмоциясының нәзік кезеңі. Мектепке дейінгі бүлдіршіндер ерекше қарым-қатынастарды талап етеді. Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгiш келеді. Сондықтан, бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды. Балабақша меңгерушісі Бергеналиева Айдана Асылбековна басшылығымен ұжым мүшелері бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасауда. Оқу-тәрбие жұмысы білім мазмұнын жаңартудың 5 саласы бойынша ұйымдастырылады.
Балабақша ұжымы жаңа бағдарламаларды енгізу жағдайына бейімделіп, көптеген жетістіктерге жетуде.
Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасақталған.

